USD
USD
USD

Башар Асад төртінші рет Сирия президенті болып сайланды

8 жыл бойы соғыстан көз ашпаған Сирия президентін сайлап алды.

Башар Асад төртінші рет Сирия президенті болып сайланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 8 жыл соғыстан көз ашпаған Сирияда бүгін той болып жатыр.. Президент сайлауында Башар Асад 95,1 процент дауыс жинап, төртінші мерзімге президент болып сайланды. Нәтижені жариялаған парламент басшысының айтуынша, сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 78 процентті құраған. Саяси додада барлығы 3 үміткер бақ сынады. Жергілікті оппозиция және Еуропалық одақ пен АҚШ сайлау заңсыз және әділетсіз өтті деп мәлімдеді. «Рейтер» агенттігінің мәліметі бойынша, сириялықтардың 80 проценті кедейлік қамытын киген. 5 миллионнан астам тұрғын қақтығыстан көрші елдерге қашып, босқынға айналған.

Жергілікті тұрғын Мохамменд Әл-Хумаиси: "Президент Башар Асад бүкіл әлемге мықты саясаткер екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бүгін – біз үшін жеңіс күні. Елімізге көмектесу үшін оқ-дәрі жәшігін ашуға да мәжбүр болғанбыз, енді елдігімізді көрсету үшін сайлау жәшігін аштық", - деді..

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер