Референдум Референдум
USD
USD
USD

Бас шыршаны бұзып әкетті

«Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы бас шыршаны бұзып тастады», – деп хабарлайды YK-news.kz ақпарат порталы.

Бас шыршаны бұзып әкетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 19 желтоқсан күні кешкісін орнатылған шырша әлеуметтік желіде елдің күлкісіне қалған еді. Тұрғындар жергілікті биліктің тірі шыршаны кескеніне налып, оған жұмсалған қаржының желге ұшқанын қатаң сынға алған.

«2020 жыл табалдырығымызда тұр. Заман дамып бара жатқанда шырша кесу – заман талабына сай емес! Балаларымызды «Жасыл желекті сақтап қалайық» деген акцияларға үгіттейді де, өздерінің істеп жүргендері мынау?!», – деп ашына жазады Анна Хохленок деген жергілікті тұрғын.

Бүгін азанымен орталық алаңдағы бас шыршаны бұзып әкетіп жатқан сурет әлеуметтік желіде пайда бола салысымен, халықтың наразылығы мен мазақ етуі үдей түсті.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда