USD
USD
USD

Бас санитар дәрігер: Қазақстандық вакцинаны өзіме салдырып, сынауға дайынмын

Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны өзіне сынауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Бас санитар дәрігер: Қазақстандық вакцинаны өзіме салдырып, сынауға дайынмын
Фото: NEGE.kz

.

Алматы. NEGE. Айта кетейік, ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Азаттық радиосының тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерінен «қазақстандық вакцинаны халықтан бұрын өздеріңізге салып, сынауға дайынсыздар ма?» деген сұрақ қойған болатын. Бұл сұраққа жауап берген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Нұрлыбек Асылбеков сынақ жұмыстары ең алдымен еріктілерге жүргізілетінін еске салды. «Вакцинаны әзірлеушілер мен сынақтан өтушілер бастапқы кезеңнен бері бірге келе жатыр. Егер ауқымды сынақ болса, дайынбыз», - деді Нұрлыбек Асылбеков. Бұл сұрақ баспасөз мәслихаты барысында Ерлан Қиясовқа да қойылған болатын. «Мен бұл сұраққа «дайынмын» деп жауап беремін. Халықтан бұрын өзіме сынауға дайынмын», - деді вице-министр.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

ТЖ

Израиль президенті Астанаға келді

ақорда

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Азамат Қапенов

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

жанабылов