Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бас прокурор Тоқаевқа қаңтар оқиғасының тергеу жұмысы бойынша есеп берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлайды  Ақорда.

 Бас прокурор Тоқаевқа қаңтар оқиғасының тергеу жұмысы бойынша есеп берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысына қаңтар оқиғасын тергеп-тексеру жұмыстарының барысы туралы баяндалды.

Сонымен қатар Президентке шетелден активтерді қайтару ісі бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді. Резонанс тудырған қылмыстық істер бойынша фигуранттардың қылмыстық жолмен жинаған капиталының шығып кетуін анықтау мақсатында олардың шетелге жылыстатылуына талдау жасалуда.

Берік Асылов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуырдағы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларының жүзеге асырылуы туралы айтты. Атап айтқанда, Бас прокурордың Конституциялық Сотқа жүгіну құқығы туралы Конституцияның 83-бабына енгізілетін түзетулер дайындалуда, сондай-ақ «Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заң әзірлеу басталды. Салалық заңның басты басымдығы – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

Заң жобасына Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, құқық қорғаушылармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасау, прокурорлардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыру тетігі туралы ережелерді енгізу жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Президентке азаптауларды тергеп-тексеру бойынша прокурорларға өкілеттік беруге, отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты  тапсырмалардың орындалуы  туралы айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қадағалау органының халықпен өзара ықпалдастығын жандандырудың маңызды екенін атап өтіп, Бас прокурорға бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды

Тоқаев, Әрінов

Алматыда әйелді балағаттаған Канада азаматы 5 тәулікке қамалды

әкімшілік іс

Канье концертіне бара алмағандар билет құнын қайтара ала ма: Министрлік не дейді

концерт билеті

Барлау минуста. Құлыбаевтар мемлекетке 2 млрд теңге айыппұлды НЕГЕ төлемей жүр?

Кулибаев