USD
USD
USD

Бас прокурор Самат Әбіштің не себепті қамауға алынбағанын түсіндірді

Қазақстанның Бас прокуроры қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің барлық басшылық құрамы тұтқындалғанына қарамастан не себепті тек Тұңғыш президенттің немере інісі Самат Әбіштің ұсталмағанын түсіндірді.

Бас прокурор Самат Әбіштің не себепті қамауға алынбағанын түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журалистер бас прокурордан ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мсімов пен оның үш орынбасары ұсталса да, тағы бір орынбасары Самат Әбіштің қамауға алынбауының себебін сұрады.

"Қазіргі кезде Самат Әбішке қатысты ешқандай дәлел жоқ. Кәрім Мәсімов қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің сан алуан бабы бойынша айып тағылып отыр", - дейді Берік Асылов.

Айта кетсек, қаңтар оқиғаларынан кейін Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің ұсталғаны туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Алайда ұлттық қауіпсіздік комитеті ол мәліметті жоққа шығарды. Артынан 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына шыққаны туралы мәлімет таратылды.

Ал 17 қаңтарда комитеттің ресми сайтында Әбіштің төрағаның орынбасары қызметінен босатылғанын туралы хабарлама жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық