USD
USD
USD

Бас прокуратура:Еліміздің бір облысын басқа мемлекетке беруге үндеген адам табылды

Бас прокуратура Қазақстанның бір облысын иеліктен шығаруға үндеген адамды анықтады. Ол алыс шет елдердің бірінде тұрады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Бас прокуратура:Еліміздің бір облысын басқа мемлекетке беруге үндеген адам табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NЕGE. Қадағалаушы органның өкілі Серік Әділкенұлының айтуынша, Telegram-арналардың бірінде Қазақстанның бір облысын басқа елдің пайдасына иеліктен шығаруға үндейтін арандатушылық материал жарияланған.

«Материалдың авторы анықталды. Ол Қазақстанға келген шетелдік емес. Алыс шет елдердің бірінде тұрады. Бұл – сырттан бағытталған жоспарлы акция. Негізгі мақсаты – Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру, көрінеу жалған ақпарат тарату және ұлттық араздықты қоздыру», - дейді Әділкенұлы.

Оның айтуынша, осы әрекет Қылмыстық кодекстің 174-ші, 180-ші және 274-ші баптарпен қудаланады.

«Осы сепаратистік факт бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір Қылмыстық кодекстің 180-бабы бойынша іс қозғалды. Осындай материалдар мен үндеулерді орналастыру кезінде олардың авторлары мен таратушылары қатаң қылмыстық жазаға тартылатынын еске саламыз», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев