USD
USD
USD

Бас прокуратура ВИЧ жұқтыру дерегіне байланысты медициналық мекемелерді тексеруді тапсырды

Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында үш пациенттің АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 118-бабының 3-бөлігі (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде, деп хабарлады Бас прокуратура.

Бас прокуратура ВИЧ жұқтыру дерегіне байланысты медициналық мекемелерді тексеруді тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Қазақстанда соңғы 10 жылда медициналық мекеме жағдайында вирусты жұқтыру алғаш рет тіркелді.

Сондықтан мұндай фактілердің алдын алу мақсатында Бас прокуратура Денсаулық сақтау министрлігіне стационарлық, амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ведомстволық бағынысты медициналық мекемелерде кешенді тексерулер жүргізу туралы талап жіберді.

Бірінші кезеңде 549 медициналық мекемені тексеру жоспарланған.

Бұл мәселе Бас Прокурордың ерекше бақылауында.    

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты