USD
USD
USD

Бас прокуратура сайлау алдындағы «тыныштық» күні туралы ескертті

ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев референдум алдындағы күні және дауыс беру күнінде үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас прокуратура сайлау алдындағы «тыныштық» күні туралы ескертті
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Биылғы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өткізіледі. Ертең, 4 маусымда сағат 00:00-де референдум алдындағы үгіт-насихат жүргізу аяқталады («Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-бабының 4-тармағы). Бұл үгіт-насихатқа, соның ішінде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу нәтижелерін немесе референдум нәтижелерінің болжамдарын жариялауға қатысты мәліметтерге референдум өткізілетін күннің алдындағы күні және ол өткізілетін күні, яғни 4 және 5 маусымда тыйым салынады», - делінген Б. Дембаевтың үндеуінде.

Оның айтуынша, аталған күндері, яғни үгіт-насихатқа тыйым салынған кезеңде бұл іс-шаралар жүргізілген жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 102-бабы бойынша жауапкершілік ескерілген.

«Екі немесе одан да көп рет немесе басқа біреу үшін дауыс беру, сондай-ақ учаскелік референдум комиссиясы мүшесінің азаматтарға өзге адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік беру мақсатында дауыс беруге арналған бюллетеньдерді беру әрекеті ӘҚБтК-нің 108 және 110-баптары бойынша жауаптылыққа әкеп соғатынына да назар аударамыз», - дейді Бас прокурордың орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, Конституцияға (83-бап) сәйкес, прокуратура органдары референдумға дайындық пен оны өткізудің барлық сатыларында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды қамтамасыз етіп отыр.

Аталған мәселелерді ескере отырып, Бас прокуратура заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында азаматтарды, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park