USD
USD
USD

Бас прокуратура Мәсімовтің ісі бойынша пікір білдірді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың ісіне қатысты пікір білдірді.

Бас прокуратура Мәсімовтің ісі бойынша пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Істі ҰҚК тергеп жатыр. Тергеу барысы құпия санатқа жатады. Сол себепті іс материалдары туралы ақпарат таратылмайды. Оған қол жеткізе алатын тек бірнеше прокурар ғана бар. Бұл іс бойынша күдіктілердің барлығы қамауда. Ешкім қашып, не болмаса шығып кеткен жоқ. Іс аяқталды, іс материалдарымен танысу кезеңі басталды. Іспен танысу үшін біз процессуалдық шектеулер қойған жоқпыз», - деді ол журналистерге. 

Еске салайық, ҰҚК Мәсімовке және басқа да адамдарға мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға дайындалды және билігін асыра пайдаланды деген күдікпен қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу