USD
USD
USD

Бас прокуратура: Күдіктілер қылмыс белгілерін жасыру үшін подполковниктің денесін өртеп жіберген

Қайғылы оқиға кезінде 19 құқық қорғау органының қызметкері бақилық болды.

Бас прокуратура: Күдіктілер қылмыс белгілерін жасыру үшін подполковниктің денесін өртеп жіберген
Фото: NEGE.kz

Аcтана, NEGE. «Бүгінгі таңда Алматы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан қазіргі және болашақ 19 офицердің қазасының мән-жайы анықталды. Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қорғауға қатысқан қарусыз әскери қызметші, подполковник Хаировты өлтіру кезінде ерекше қатыгездік байқалды. Оның денесі ғимараттың шатырынан табылды. Күдіктілер қылмыс белгілерін жасыру үшін оның денесін өртеп жіберген», - деді Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Прокуратураның мәліметінше, ұрлық және қару сақтаумен байланысты ауыр қылмыстарды жасаған, келтірілген зиянды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 17 сотталушыға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалған.

Кінәсін мойындау және келтірілген зиянды өтеуге байланысты 135 азаматқа бас бостандығын шектеу және қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Бүгінгі таңда 547 адам жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылды. Олардың 269-ы қамауда отыр.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер