USD
USD
USD

Бас прокуратура: Күдебаевтың Қазақстанға оралатын ойы болған жоқ

Елден қашып кеткен Алматы облысы ішкі істер департаментінің (ПД) бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың Қазақстанға қайту ойы болған жоқ, ол Түркияда ұсталды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бас прокуратура: Күдебаевтың Қазақстанға оралатын ойы болған жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов Түркияда әкесінің ұсталғаны туралы Бас прокуратураның бұған дейін берген мәлімдемесін жоққа шығарған болатын. Бас прокуратура туыстарының мәлімдемесіне жауап берді. 

«Күдебаевты тұтқынға алып, елге қайтару үшін Құқық қорғау және арнайы органдар шетелдік әріптестермен бірлесе отырып, орасан зор жұмыстар атқарды. Интерпол күштері жұмылдырылып, оны экстрадициялау бойынша материалдар Түркия Республикасының Әділет министрлігіне жіберілді. Кудебаев С.М. Отанына өз бетімен қайту ойында болған жоқ, себебі алынған ақпарат бойынша ол тұруға рұқсат сұрау құжаттарын өткізген. Кейінірек шетелдік әріптестердің көмегімен Кудебаев С.М. Түркия Республикасының аумағында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді», – деп Бас прокуратура генералдың туыстарының мәлімдемесін жоққа шығарды.

Оның мемлекеттік шекарадан заңсыз өтіп, Қырғыз Республикасының Бішкек қаласындағы халықаралық әуежайдан Т8ркияны4 Станбұл қаласына ұшып кеткені анықталды.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG