USD
USD
USD

Бас прокуратура Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев күдікті Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді. 

Бас прокуратура Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл қылмыстық іс бойынша қазір барлық тиісті сараптамалар тағайындалды. Бүкіл ақпарат сіздерге берілді ғой. Енді марқұмның өліміне алып келген бұл, әрине, Қ.Бишімбаевтың іс әрекеті екені, заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесі екендігі сөзсіз. Қылмыстық істі тергеу нәтижесі бойынша сараптамалар дайындалғаннан кейін тергеу органдары қосымша хабарлайды», – деді Бас прокурордың орынбасары.

Сондай-ақ ол күдіктінің әуелде тергеу органдарына жауап беруден үзілді-кесілді бас тартқаны туралы мәліметке пікір білдірді.

«Тергеу органдары бірінші күні осы қылмысқа кінәлі Қ.Бишімбаев өзінің құқықтарын пайдалана отырып, қандай да бір мағлұматтар беруден бас тартып отырғанын айтқанын білесіздер. Бұл бірінші күндері солай болған. Бірақ қазір қылмыстық іс жүріп жатыр. Басқа да нақты деректер айтылған болса, оның сұрату керек», – деді Жандос Өмірәлиев.

Қуандық Бишімбаевқа асқан қатыгездікпен кісі өлтірді деген айып тағылып отырғаны да айтылып өтті. 

«Бишімбаевтің үстінен асқан қатыгездікпен кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын білесіздер. Сондай-ақ ол ұсталған болатын және оның туысқаны аталған қылмысты бүркемелеп полицияға хабарламағаны үшін изоляторға алынды», – деді құзырлы орган өкілі.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.