USD
USD
USD

Бас прокуратура Абай облысындағы орман өрті фактілерін тергеуді жалғастырып жатыр

Бас прокуратура Абай облысындағы орман өрті фактілерін тергеуді жалғастырып жатыр.

Бас прокуратура Абай облысындағы орман өрті фактілерін тергеуді жалғастырып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тергеу барысында «Семей-Орманы» резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы күдікті ретінде танылды.

2023 жылғы 1 шілдеде олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сараланған (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу). 

Олардың жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, оларға «үйқамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасуда, өрттің барлық ықтимал нұсқалары пысықталуда, олардың арасында қасақана өртеу, табиғатта ақаулы техниканы пайдалану, найзағай разряды және басқалары да бар.  

Сондай-ақ, тексеру нәтижелері бойынша Төтенше жағдайлар және Экология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне/әрекетсіздігіне құқықтық баға берілетін болады.

Қазір оқып жатыр

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті