USD
USD
USD

Бас мүфти: Мешіттер қазақы үлгіде болуы керек

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, деп хабарлайды muftyat.kz.

Бас мүфти: Мешіттер қазақы үлгіде болуы керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мешіт тұрғызуда әр халық өзінің сәулет өнері мен дәстүрін ескеріп, ұлттық нақышын көрсетуге тырысқан. Сондықтан еліміздегі мешіттердің де өзінің қазақы стилі болуы тиіс. Себебі бұл мешіттер ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып, халық игілігіне қызмет етеді», - деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. Белгілі сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сағындық Жанболатов Діни басқарманың қолға алып отырған жобасын қолдайтынын айта келіп, арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды. Жұмыс тобына сәулетшілер Бірлік Ережепов, Есімбет Қапабаев, Қанат Құрғановты, Есенғали Ахметов және мүфтият мамандарын қосуды ұсынды. Сондай-ақ жиын барысында қазақы стильдегі мешіт жобасы мен макетін бекіту, мешіт құрылысына қатысты кемшіліктерді болдырмау үшін инженерлік жұмыстарды жетілдіру, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңына мешіт құрылысы бойынша бап немесе тармақ енгізу секілді мәселелер қаралды.

Қазір оқып жатыр

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев