USD
USD
USD

Бас мүфти кәсіпкерлерге үндеу жасады

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздің кәсіпкер азаматтарын Рамазан айында тауар бағасын 10 пайызға дейін төмендетуге шақырды.

Бас мүфти кәсіпкерлерге үндеу жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Халықтың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жеңілдік жасау қажет деді бас мүфти. Ол өз сөзінде қайырымды істер қасиетті айда барынша көп жасалуы тиіс екенін атап өтті. 

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы:

Қасиетті айда көбірек сауапты амал жасауға асығайық. Діни басқарма жанындағы зекет және қайырымдылық қоры қасиетті айда «Шарапатты Рамазан», «Рамазан қоржыны», «Рамазаннан тәбәрік» сынды ауқымды республикалық қайырымдылық іс шараларды ұйымдастырады. Осы ретте еліміздегі барша мұсылман жамағатын қайырымдылық акцияларына белсенді түрде үлес қосуға шақырамын.

Биыл Рамазан айы сәуірдің екісінде басталып, мамырдың біріне дейін жалғасады. Мұсылман қауым тура отыз күн ораза ұстайды. Қадір түні сәуірдің 27-сінен 28-не қараған түні. Сонымен қатар биыл бір адамға берілетін пітір садақа 500 теңге болып бекітілді. Оның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.

Қазір оқып жатыр

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи