USD
USD
USD

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қайта вакцинациялау туралы айтты

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қайта вакцинациялау туралы айтты. Қазинформ ақпарат агенттігіне берген сұхбатында санитарлық дәрігер бұл мәселе коронавирустың мутациялық факторларына әсер ететінін айтты.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қайта вакцинациялау туралы айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қайта вакциналау жұмыстарының ұйымдастырылуы жайлы Қиясов вакциналаудан кейінгі иммунитеттің ұзақтығы туралы зерттеулердің әлі де жалғасып жатқанын айтты.

“Әлемдік деңгейде КВИ-ға қарсы ревакцинация жүргізуге қатысты ресми ұсынымдар шығарылған жоқ. Бұл ұсынымдар иммунитеттің ұзақтығы туралы жаңа мәліметтер пайда болған соң қолжетімді болуы мүмкін және коронавирустың мутациялық факторларына да байланысты. Осыған байланысты бүгінгі күні ревакцинация жүргізу тәртібін белгілеу мәселесі талқылау сатысында тұр”, – деді ол.

Қайта вакциналау кезінде басқа екпе салдыруға бола ма деген сұраққа бас санитарлық дәрігер мәселе ресми ұсынымдардан кейін шешілетінін айтты.

“Жоғарыда айтып өткенімдей, қазіргі уақытта ревакцинация жүргізу тәртібін белгілеу мәселесі талқылау сатысында тұр. Барлық сұрақтар ревакцинация жүргізу туралы ресми ұсынымдардан кейін анықталады”, – деді Қиясов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы