USD
USD
USD

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жаңа қаулы жариялады

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстан Республикасы халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жаңа карантиндік қаулыға қол қойды.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жаңа қаулы жариялады
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. Жаңа құжатта йога және спа орталықтары, фитнес-клубтары, монша, сауна, бассейн, компьютерлік клубтар, боулинг, бильярд, караоке, көрме, театр сынды нысандарға «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғасатыны жазылған. Қоса беріліп отырған:

1. осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес, «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі;

2. осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес, «Ashyq» жобасын енгізу және «қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі;

3. осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес, ереже бұзған қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі;

4. осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары бекітіледі.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне объектілерде енгізу кезінде «Ashyq» жобасын техникалық қолдау жүктелген.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдайды және:

1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, объектілерде «Ashyq» жобасын енгізуді;

2) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, жобаны іске асыруға қатысатын объектілердің тізбесін айқындауды;

3) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуге міндеттеледі. «Ashyq» жобасына қатысушылар:

1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес, «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

2) өңір «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауысқан кезде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтауды жалғастырады;

3) осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

«Ashyq» жобасын енгізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы №7 қаулысының күші жойылды деп саналады.

Қаулының толық нұсқасын ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтынан оқуға болады.

 

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік

Шымкентке бағыт алған ұшақ Тараз әуежайына қонуға мәжбүр болған

Ұшақ