16 Маусым 12:13
...

«Бас әскери прокурор қызметінен кетті»

Фото:

Тұрақты оқырманымыздың хабарлауынша, Бас әскери прокурор Дастан Сартаев қызметінен кетті. Оған себеп – әскердегі былық-шылық пен Бас әскери прокуратураның өз ішіндегі заңсыздықтар.

Естеріңізге салайық, биыл 4 ақпанда Nege порталында «Сартаев және оның командасы». Бас әскери прокуратурада не болып жатыр?» деген мақала жарияланды. Мақаланың өзегі – Бас әскери прокуратурадағы кейбір мәселелерге қатысты Тұңғыш Президент –Н.Назарбаевқа, ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа және ҚР Бас прокуроры Ғ.Нұрдәулетовке жолданған арыз.

«2018 жылы сол кездегі Бас прокурор Қ.П.Қожамжаров Бас әскери прокурор лауазымына Дастан Шаймерденұлы Сартаевты тағайындады. Содан бері әскери прокуратура мемлекет үшін Қарулы күштердегі, әскери саладағы заңдылықты сақтаушы орган ретінде жоғалып, тек бірінші басшысына қызмет ететін органға айналды», – дейді арызда.

Осы мәселеге қатысты сол кездегі Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке ресми сауал жолданғанымен, жауап болмаған. Бұл жолы Бас әскери прокурорды қызметінен босатуға Президент қасым-Жомарт Тоқаевтің өзі пәрмен берген сыңайлы. Өйткені әскери салада шынымен де бей-берекетсіздік орнады.

Бас әскери прокуратураның ресми сайтындағы «Прокуратура туралы» деген бағанада Дастан Шаймерденұлы Сартаевтың аты жөні әлі жазылып тұр. Ауыстырып үлгермеген болса керек, сірә.

Сартаевтың қызметінен кеткені туралы ақпарат ресми түрде хабарланған жоқ.  

Тегтер: