Бас прокурор Нұрбол Назарбаевтың активтері тексеріліп жатқанын растады
Бұған дейін депутат Ринат Зайытов Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың сот шешімімен 57 млрд теңге көлеміндегі активтерінен айырылғанын хабарлаған болатын.
Алматы, NEGE. Сонымен қатар оған 925 млн теңге айыппұл салынып, 230,4 млн теңге көлемінде келтірілген залал өндіру туралы шешім шыққан. Оның банк шоттары бұғатталған.
Депутат Р.Зайытов Нұрбол Назарбаевқа тиесілі компаниялар мен активтерге толық түгендеу жүргізіп, заңсыз иемденген мүлікті мемлекет меншігіне қайтаруды сұрады.
Бас прокурор Берік Асылов «заң аясында сұрау хатта көрсетілген тұлғалар да тексерілетінін» мәлімдеді. Оның айтуынша, депутаттар ұсынған ақпарат заңсыз иемдену мен активтерді шетелге шығару әрекеттерінің жолын кесу және оларды Қазақстанға қайтару процесінде ескерілетін болады.
Жуырда Нұрбол Назарбаев қатысы бар деп көрсетілген қылмыстық іс бойынша тергеу қайта басталды. Бұл іс «PORUS» ЖШС-нің жарғылық капиталының 16% үлесін заңсыз қайта тіркеуге қатысты.
Қазір оқып жатыр
Жетісу облысында психикалық бұзылыстары бар адамдар көлік жүргізіп келген
Атырау облысында хирург МӘМС аясында тегін жүргізілетін отаға ақы алып келген
Алматыда автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп, жолды жауып тастады
ҰБТ-да смартфон мен шпаргалка алып өтпек болған 522 талапкер тесттен шеттетілген