USD
USD
USD

Бас прокуратура «СК-Фармацияға» қатысты тергеу бастады

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Facebook парақшасында хабарлады.

СК-Фармация
Фото: СК-Фармация

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігі аталған компанияға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған.

«Мұрат Әбеновпен бірге Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) анықтаған деректер бойынша Бас прокуратураға жолдаған өтінішімізден кейін, прокурорлар құқық қорғау органдарымен бірлесіп «СК-Фармация» ЖШС мен фармацевтикалық сала субъектілеріндегі ұрлық фактілері бойынша қылмыстық тергеп-тексеруге кірісті», – деп жазды Базарбек.

Анықталған заңбұзушылықтардың ішінде:

–  «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам): жалған клиникалық зерттеулер жүргізіп, 166,4 млн теңгеге дәрі-дәрмек бойынша қаражат игерілген; шын мәнінде алынбаған жабдыққа 36,7 млн теңге негізсіз жұмсалған. 

– «СК-Фармация» ЖШС (Бірыңғай дистрибьютор) дәрі-дәрмек сатып алу кезінде мемлекетке 35,8 млрд теңге мөлшерінде залал келтірген.

– «КазМедПром» ЖШС медициналық қолғаптарды Бірыңғай дистрибьюторға қымбат бағамен жеткізу арқылы 5,3 млрд теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған

Аталмыш фактілер қазіргі уақытта тергеу органдары тарапынан тексерілуде.

Қазір оқып жатыр

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық