USD
USD
USD

Бас прокуратура Шерзат Болаттың өліміне қатысты пікір білдірді

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғарда болған қылмыста қаза тапқан Шерзат Болаттың өліміне қатысты пікір білдірді.

Шерзат Болат
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Талғардағы кісі өлтіру оқиғасына қатысты тергеу амалдары тұрақты бақылауда тұрғанын атап өткен жөн. Күдікті адамдар ұсталды және оларға айып тағылды. 15 қазан күні Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамовтың қатысуымен брифинг өтіп, сол кезде істің мән-жайына қатысты түсінік берілді. Қайтыс болған жасөспірімнің әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмағанын нақты айта аламын. Қаза тапқан баланың отбасы тұрып жатқан үйді өртеу дерегіне қатысты іс тергеліп жатыр», - деді Ғ. Қойгелдиев.

Тергеу барысы прокуратураның бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болат бір топ қаскөйдің қолынан қаза тапқан еді.

Қазір оқып жатыр

АҚШ соты 75 елдің азаматына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімнің күшін жойды

иммиграциялық виза

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым