USD
USD
USD

Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

Бас прокуратура интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша, алаяқтар жаңа шабуыл толқынын іске қосып, жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан хаттар мен SMS-хабарламалар жібере бастаған.

«Қаскүнемдер "авторизациядағы қате", "домофонды ауыстыру" немесе "есептегіштерді тексеру" деген сылтаумен азаматтарды қайта қоңырау шалуға мәжбүрлейді. Салдарынан ештеңеден күдіктенбейтін тұрғындар кибералаяқтарға әлеуметтік инженерия құралдарын қолдануға жағдай жасайды», – делінген ведомство хабарламасында.

Осы орайда Бас прокуратура алаяқтарға алданып қалмау үшін мынандай кеңестер береді:

  • сақтық танытып, беймәлім кіріс хат-хабарлар мен қоңырауларға сыни көзқараспен қарау;
  • ұйымдардың ресми сайттарында көрсетілген телефон нөмірлеріне қайта қоңырау шалу;
  • екіфакторлы аутентификацияны пайдалану;
  • банк карталарының деректерін, SMS арқылы келетін бір реттік кодтарды және өзге де құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу.

Прокуратура өкілдері тұрғындарды қырағы болуға, киберқауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық