Бас муфти Құрбан айтта мал бағасын шарықтатпауға шақырды
ҚМДБ төрағасы сатушылармен кездесіп, мал бағасын қолдан көтермеуді өтінді.

Алматы, NEGE. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы базарларды аралап, сатушылармен кездесіп, мал бағасын шарықтатпауға шақырды, дейді Muftyat.kz.
Халқымыздың жағдайын ескеріп, мал бағасына барынша жеңілдік жасауға шақырамын. Алла Тағала саудаларыңыздың берекесін берсін. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Құрбан айттың негізгі мәні – игі амал арқылы Алланың рақымына бөлену. Сіздерге де мал бағасына мейлінше жеңілдік жасап, игі амал жасауға мүмкіндік туып тұр. Алла ізгі ниетпен жасаған әрбір істеріңізге мол сауаптан жазсын, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Қазір оқып жатыр
Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия мүшелері не талқылады?

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

