USD
USD
USD

Бас мүфти кәсіпкерлерді азық-түлік бағасына жеңілдік жасауға шақырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтап, кәсіпкерлерге тілегін жеткізді.

Наурызбай қажы Тағанұлы
Фото: muftiyat.kz

Астана, NEGE. Бас мүфти кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға шақырды.

«Сіздерді исі мұсылман баласы асыға күтетін, он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Алла Тағала қасиетті айда ұстайтын оразамызды, ізгі амалдарымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай.

...Осы ретте барша отандастарымды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасиетті айда ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық.

Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да – сауапты істің бірі. Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз», – дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық