USD
USD
USD

«Бас бапкер Станислав Черчесов қазақ тілін кемсітті» – Министрлік футбол федерациясынан түсініктеме беруді талап етті

Кешелі бері әлеуметтік желілерде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы бейнематериал кеңінен таралып, қоғам тарапынан наразылық туғызды. Туризм және спорт министрлігі  бұл жағдайға бей-жай қарамай, Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдады.

Станислав Черчесов
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Хатта мемлекеттік тілдің мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Тіл туралы» Заңына сәйкес жоғары тұратыны және оған барлық азаматтың құрмет көрсетуі керектігі айтылған. Сонымен қатар федерациядан осы оқиғаға түсініктеме беру және С.Черчесовпен мемлекеттік тілге құрмет көрсету туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу талап етілді.

«Біз мұндай жағдайлардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін федерация тарапынан тиісті шаралар қолданылуы керек деп санаймыз. Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы Министрлікке бағынысты ұйым емес екенін, тиісінше оның ішкі мәселелеріне араласа алмайтынын, дегенмен Қазақстандағы спорт саясатын қалыптастырып, жүргізетін ведомство болғандықтан, түсініктеме талап етуге құқылы екенін қаперге саламыз», - деп мәлімдеді министрлік.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Ломбард

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды