USD
USD
USD

Бас әскери прокуратураның пәрменімен миллиард теңге залал мемлекетке қайтарылды

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Қорғаныс министрлігінің «K-Dorstroy» АҚ-на 1 млрд 36 млн теңге көлемінде аванстық төлем және 31 млн теңге сомасында тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Мемлекет
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. Аталған АҚ Алматы облысының Іле ауданындағы «Жетіген» аэродромының ұшу алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндеттенген, бірақ келісім шарттарын орындамаған.

Сот шешімін ұзақ уақыт орындамауына байланысты Бас әскери прокуратура бірқатар шаралар қабылдап, әділет органдарына қадағалау актісін енгізді. Нәтижелері бойынша залал толық көлемде өтелді: борышкер мемлекет кірісіне 1 млрд 67 млн теңге аударды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық