USD
USD
USD

Бартоғай су қоймасынан 12 жүргізуші құтқарылды

Бортоғай су қоймасындағы қар үйіндісінде қалған 12 жүргізуші 

Бартоғай су қоймасынан 12 жүргізуші құтқарылды
Фото: NEGE.kz

мен 16 бірлік автотехника сәтті эвакуацияланды.

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, таңғы сағат 09-00-де қар құрсауында қалған 12 жүргізуші мен 16 бірлік автотехника қалды, оның 4-і сынып қалған болатын.

Қар құрсауында қалған адамдар мен техниканы эвакуациялау жұмыстары бүгін сағат 9.40-та Батанға жетпей 23-25 км аралығында түскен үш қар көшкіні қиындатты. Автожолды тазарту «Қазселденқорғау» ММ және 13-ЖҚБ күштерімен, Республикалық жедел-құтқару жасағы  және Алматы облысы ТЖД күштерімен жүргізілді.

Жалпы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінен, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, полиция департаментінен, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан, жергілікті атқарушы органдардан, ерікті-еріктілерден 85 адам мен 38 техника жұмылдырылды.

Туыстары эвакуацияланған адамдарды Түрген экопостында ұйымдастырылған жедел штабта қарсы алды. Олар эвакуациялауға жұмылдырылған барлық қызметтердің мамандарына адамдарды құтқару ісіндегі қажырлы еңбегі үшін шын жүректен алғыс айтты.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков

Астанада сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығы құрылады

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қостанайда балалар санитариялық жағдайы сын көтермейтін лагерьде демалуға мәжбүр болған

Светафор

Алматы маңындағы аудандардың бірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

сел қаупі