USD
USD
USD

«Барселонадан» төрт гол өткізіп алған Покатиловтың ойыны қалай бағаланды?

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов «Барселонаға» қарсы матчта төрт гол өткізіп, тоғыз сейв жасады. Sofascore мен Flashscore статистикалық порталдары қақпашының ойынын бағалады.

Стас Покатилов
Фото: instagram/ҚФФ

Астана, NEGE. Күні кеше УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіннің бесінші турында әзербайжандық «Сабах» өз алаңында испаниялық «Барселонаны» қабылдады. Бакудегі Олимпиада стадионында өткен кездесу испандық клубтың 4:1 есептік жеңісімен аяқталды.

Каталониялық клуб сапынан Энтони Гордон 31 және 51-минуттарда дубль жасады. Одан кейін Карим Адейеми 54-минутта, Габриэл Жезус 60-минутта гол соқты. Ал 63-минутта Джой-Ланс Миккелс алаң иелерінің жалғыз голын енгізді.

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов «Сабахтың» капитаны ретінде матчты толық өткізді. Ол тоғыз сейв жасап, 1,12 голдың соғылуына тосқауыл болған. Сондай-ақ 25 дәл пас берген.

Sofascore статистикалық порталы Покатиловтың ойынына 8,5 баллмен жоғары бағаласа, Flashscore статистикалық порталы 6,8 балл қойды.

Осы жеңістен кейін «Барселона» 12 ұпаймен Чемпиондар лигасының жалпы кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал үш ұпайы бар «Сабах» 32-орында қалды.

Қазір оқып жатыр

«Лукойлдың» Қазақстандағы активтері америкалық миллиардерге сатылмақ

Лукойл

Алаяқтық және параға сатып алу: «Қазақмыс» үш қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады

Қазақмыс

Роман Скляр жаңа мемлекеттік комиссияны басқарады

Роман Скляр

Түркияда Қазақстандағы елшілік құрылысына бөлінген $15 млн төңірегінде дау туындады

Түркияның Қазақстандағы елшілігі ғимараты