Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Барселонада туристерге шектеу енгізілді

  Барселона билігі круизбен келетін туристерге қарсылық танытты. Олардың айтуынша, алып кемелер теңіз суын ластап жатыр.

Барселонада туристерге шектеу енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сөйтіп, бірақатар шектеулер енгізген. Әкімдіктің бұл бастамасын, жергілікті тұрғындар да қолдап отыр. Бірақ бюджетке қомақты қаржы әкелетін туризм саласынан Барселона халқы неге мезі болды? Биіктігі көпқабатты тұрғын үймен бірдей болатын крузидік кемелер Барселона қаласын айналып өтпейді. Бір ғана жексенбіде шаһарға ұзындығы 4 шақырымға созылатын шамамен 15 круиздік кеме аялдайды. Жергілікті билік круизбен келетін туристерден пайдасынан зияны көп деп отыр. 5-6 сағатқа аялдаған кезде теңізді ластап кетеді екен. Енді Барселона әкімшілігі күніне 3 қана круиздік кемені қабылдайтындай етіп, арнайы қаулы қабылдаған.

Лусия Мартинес, Қоршаған ортаны қорғау бойынша әкімшілік маманы:

– Қала билігі крузиздік кемелердің санын азайту бойынша күресті бұрыннан жүргізіп келеді. Ауызсу, құрғақшылық мәселесі күрделеніп тұрғанда бұл туристерден пайда аз. Испания 100 жылда болмаған қуаңшылықты бастан кешіп отыр. Сондықтан судың тазалығы деген дүние туристердің қалтасынан да жоғары тұруы тиіс.

Биліктің пікірімен кәсіпкерлер келіспейді. Кемелер заманауи фильтрмен жарақталған, суды ластамайды, керісінше, қала қазынасына қыруар қаржы әкеліп жатыр. Бір турист 5-6 сағатта жоқ жегенде 250-300 еуро қалдырады.

Сәуір айында ғана шаһарға 80 круиздік лайнер келген. Жүз мыңдаған турист тамақ ішеді, сауда жасайды. Ковид кезінде қаншама бизнес жабылып қалды, 2 жыл бойы жұмыс істемей, тығырыққа тірелген бизнес қайта жанданып жатыр. Соңғы аптада қала тұрғындары биліктен лайнерлер санын азайтуды талап етіп, ереуіл өткізді. Айтуларынша, қонақтардың кесірінен шаһар көшелері қоқысқа толып, азан-қазан, той думан тыныштықты бұзған.

Қазір оқып жатыр

ІІМ жүргізушілерге келіп жатқан айыппұлдардың қате екенін растады

 Айыппұлдар

«Сауығуын тілеп, дұға жасап отырмыз»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

жол апаты

Қырғызстан тарабы жарық сөнуіне байланысты KEGOС мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстан

Шымкентте қызды алып қашу ісі бойынша екі күдікті қамауға алынды

Заң