USD
USD
USD

«Барселона» бас бапкерін қуып жібермек

Каталониялық "Барселона" футбол клубы маусым соңында команданың бас бапкері Рональд Куманды қызметінен босатуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости.

«Барселона» бас бапкерін қуып жібермек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Mundo Deportivo басылымы Rac1 радиостанциясы деректеріне сілтеме жасай отырып, 99 пайыз ықтималдылықпен голландиялық маман келісімшарт мерзімі 2022 жылға дейін болғанына қарамастан, жаңа маусымда команданы басқармайтынын жазды. Клуб басшылығы Куманның орнын басатын бапкер таба алмаса ғана ол орнын сақтап қалады.

Куман былтыр тамызда "Барселона" бапкері болды. Каталониялық команда маусым қорытындысы бойынша Испания чемпионатында үшінші орыннан жоғары көтерілмеді. Олар Чемпиондар лигасындағы 1/8 финалда француздық "Пари Сен-Жерменнен " жеңіліп қалды.

Қазір оқып жатыр

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу

Талдықорғанда діни қорда тіркеусіз тұрған сегіз адам анықталды

ЖИ көмегімен жасалған