Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Бәрпібаев бүгін жұмысқа шығады»

Nege.kz редакциясына хабарласқан тұрақты оқырманымыз Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаевтың бүгін жұмысқа шығатынын хабарлады. Еңбек демалысында Германияға барып емделіп келмек болып, коронавирус жұқтырып алған сот төрағасына қатысты қызметтік тексерудің нәтижесі әлі белгісіз.

«Бәрпібаев бүгін жұмысқа шығады»
Фото: NEGE.kz

Естеріңізде болса, сот төрағасы Т.Бәрпібаевқа қатысты Nege.kz порталы сериялы мақалалар жариялаған. Осыдан кейін Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі төрағаны шетелге жеке ұшақпен ұшып бара жатқан құдасы «мінгестіре» кеткенін айтып ақталғандай болған. Кейіннен тәртіптік кеңес төрағаға қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатқаны да айтылды.

«Тәртіптік кеңес тексеріп жатса, оның үстіне төраға коронавирус жұқтырып алған болса, НЕГЕ жұмысқа шығады?» деген заңды сұрақ туындайды. Біріншіден, тәртіптік кеңес тексеруінің нәтижесі әлі белгілі болған жоқ. Екіншіден, тексерудің қорытындысы көпшілік күткендей болатынына күмән зор.

«Бәрпібаев қызметтік тексерудің өз пайдасына шешілетініне сенімді сияқты. Егер сенімді болмаса, тексерудің нәтижесін күтер еді. Сондықтан Жоғарғы сот тарапынан қандай да бір сенсациялық шешім күту бекер.

Ал енді жұқтырып алған індетке келер болсақ, ол дертінен айықты. Төрағаның иммунитеті күшті екен» дейді тұрақты оқырманымыз.

Шынында да Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаевтың иммунитеті күшті екен...     

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.