9 Қаңтар 10:56
...

«Бармалей». «Өлім аузында жатқан» Кеосаян деген кім?

Бармалей
Фото: ғаламтордан

Ресейлік атышулы пропагандист Тигран Кеосаян ес-түссіз құлап, өлім аузында жатыр. Мұны оның әйелі Маргарита Кеосаян растады.

«Жан-жақтан журналистер хабарласа бастады. Өз аузымнан естігендеріңіз жөн. Менің күйеуім Тигран Кеосаян ес-түссіз күйде клиникалық өлім аузында жатыр. Көпшілік білетіндей, біраз уақыттан бері оның жүрегі дімкәс», – деп мәлімдеді Маргарита Кеосаян.

Бармалей
Симонян мен Кеосаян. Фото: ғаламтордан

Тигран Кеосаян – ресейлік киноактер, тележүргізуші. Советтік кинорежиссер, сценарист Эдмонд Кеосаянның ұлы. 2022 жылы Ресей Украина аумағына басып кіргенде Ресейдің әрекетін әсіребелсенділікпен қолдап, соғысты ақтап алмақ болған Тигран Кеосаянның жеке басына Еуроодақ, Ұлыбритания, Канада сияқты бірқатар елдер санкция салған болатын.

Т.Кеосаян қаусап тұрған кәрі де емес. Оның жасы алпысқа да толған жоқ, елу тоғызда. Бірақ ол осы жасына дейін жүрек талмасынан екі мәрте құлапты. Мынау – үшіншісі...

Естеріңізде болса, 2022 жылы Кеосаян өзі жүргізетін телебағдарламалардың бірінде Қазақстанның атына ауыр сөздер айтып, балағаттаған еді. Осылайша ол Қазақстанды қанқасап соғысқа араласуға мәжбүрлемек болған-ды. Алайда мұнысынан ештеңе шыға қойған жоқ, керісінше, өзі сайқымазаққа айнылды. 2022 жылдың маусымында ҚР Сыртқы істер министрлігі Тигран Кеосаянды нон грата жарияланғандардың тізіміне қосты.

Бармалей
М.Симонян. Фото: ғаламтордан

Т.Кеосаянның әйелі Маргарита Симонян да оңып тұрған жоқ. Жуырда ол: «Егер маған салса, Қазақстанға әскер жіберіп, «әлдебір бармалейлердің» мәселесін шешер едім», – деп сандырақтаған. Жұрттың «бармалейімен» алысам деп жүріп, өзінің «бармалейін» ұмытып кеткен сыңайлы. (Бармалей – мультфильм кейіпкері әрі пират, қарақшы, адамжегіш.)

бармалей
Бармалей. Фото: ғаламтордан

Сыртқы істер министрлігіне ресейлік тағы бір «бармалей» Маргарита Симонянды да күйеуімен бірге бір тізімге қоятын уақыт жеткен жоқ па?!