USD
USD
USD

Барлық өңірге Sinopharm вакцинасының 1-топтамасы жеткізілді

Барлық өңірге Қытайдың Sinopharm вакцинасының 1-топтамасы жеткізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

Барлық өңірге Sinopharm вакцинасының 1-топтамасы жеткізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінде 1-компонентін халықтың вакцинациялауға жататын тобының 62 пайызы, 6,1 млн адам вакцина алды. Ал 2-компонент 4,8 млн адамға салынды. Бұл халықтың вакцинацияланатын тобының 48 пайызын құрайды», - деді ол.

Министрдің дерегінше, коронавирусқа қарсы вакциналау жұмысы Шымкент қаласында, Түркістан, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Ал вакцинаның 1-дозасын алушылар қатары Маңғыстау облысында төмен. Бұл өңірде халықтың 35 пайызы ғана вакцина алған.

«Өңірлер вакцинаның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген. Вакцина жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Барлық өңірге Қытайдың Sinopharm вакцинасының 1-топтамасы жеткізілді. Жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді Алексей Цой.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz