USD
USD
USD

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды

Мемлекет басшысы «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым