USD
USD
USD

Барлық бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі

Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хабарлады. 

Барлық бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Балалардың дамуы үшін сапалы тамақтанудың маңызы ерекше. Балаларды тамақпен қамтамасыз ету стандарттары қайта қаралады. Оның ішінде барлық бастауыш сынып оқушыларын бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету сондай-ақ асханаларда қолма-қол ақшасыз есеп жүргізу жүйесін енгізу жоспарланып отыр», - деді Ғани Бейсембаев министрлік алқасының отырысында.

Министр 2022 жылы 136 мың оқушыға арналған 247 жаңа мектеп пайдалануға берілгенін атап өтті. Мектептерді жаңғырту жобасы бойынша шағын қалалар, аудан орталықтары мен ауылдардағы 421 мектепте асханалар мен 814 кітапхана жаңартылды. 475 мектепке 634 пән кабинеті сатып алынды. Тағы 264 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік