USD
USD
USD

Барлық банк үшін бірыңғай QR-код жобасы таныстырылды

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Ұлттық төлем корпорациясы банкаралық QR төлемдерін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Бірінші транзакцияның көрсетілімі 15 қарашада Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі аясында екінші деңгейлі екі банктің қатысуымен өтті.

Ұлттық Банк
Фото: Қазақстан Ұлттық Банкі

Алматы, NEGE. Банкаралық QR төлем қызметі азаматтарға QR төлемдерін жылдам және ыңғайлы жүргізуге мүмкіндік беретін Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымның құрамдас бөлігі.

Атап айтқанда, банкаралық QR төлемдерін енгізу кәсіпкерлік субъектілеріне әртүрлі банктердің бірнеше терминалдарын орнату құнын төмендетуге, ал азаматтарға QR-код арқылы елдегі кез келген банктің терминалынан төлем жасауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде банктер NDFI инфрақұрылымына қатысу аясында банкаралық транзакцияларды өңдеу құнын төмендету және клиенттерге төлем қызметтерін кеңейту есебінен шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік алады.

Қазіргі уақытта банкаралық QR төлем жүйесінің функционалдығы қамтамасыз етіліп, қатысушы банктерді кезең-кезеңімен қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны масштабтау 2025 жылға жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті

Қазақстанда кедейлік деңгейі төрт есеге жуық төмендеді

ақша