USD
USD
USD

Барысов сайлаушылармен алғашқы кездесулерін өткізді

Алматы қаласының №5 сайлау округінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат Айбек Барысовтың сайлаушылармен алғашқы кездесулері өтті.

Барысов сайлаушылармен алғашқы кездесулерін өткізді
Фото: NEGE.kz

Барысов алматылық кәсіпорындардың бірінің жұмысшыларымен кездесті және Алматы қалалық мектептерінде екі кездесу өткізді. Кандидат өз бағдарламасының қала мен еліміздің мәселелерін шешуге бағытталғанын, экология, энергетикалық жүйе, жеке меншік пен кәсіпкерлік, білім беру және әлеуметтік салаға бағытталған түйінді тұстарына тоқталды.

«Жиынға белсенді ата-аналар қатысты. Халық билікке сенуден әбден қалған, сондықтан маған да сенімсіздікпен қарайтынына дайын болдым. Олар кезекті бір «өтірікші» келіп уәдесін беріп, кетеді деп ойлаған болар. Бірақ мен сөзімді аяқтаған соң, сұрақтар қойып, қызығушылық танытты. Қазір халық шынайылылық пен жалғанды ажырата біледі, деп ойлаймын.

Мен депутаттыққа Алматыдан түсіп жатқандықтан, ең алдымен қала мәселелерін шешуге күш салуым керек, содан кейін ғана біз бастаған Экономикалық ұлтшылдық қозғалысының аясында отандық өндірушілер, жалпы экономика, әлеумет мәселелерімен айналысамыз», – деді Айбек БАРЫСОВ сайлаушылармен кездесулерден соң.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда стейблкоиндерді халықаралық саудада пайдалану мүмкіндігі қарастырылмақ

Стейблкоин

СІМ АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталғаны жөніндегі ақпаратты растады

СІМ

QR төлемдерін ҚҚС-тан босату кәсіпкерлер комиссиясына бірден әсер етпеуі мүмкін

Kaspi

«Тобыл» футбол клубының жаңа иесі анықталды

«Тобыл» ойыншылары