USD
USD
USD

«Барысқа» жаңа шабуылшы келді

Елордалық «Барыс» құрамына швециялық шабуылшы Якоб Лилья қосылды.

«Барысқа» жаңа шабуылшы келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде команда басшылығы ресми түрде хабарлады.

Келісімшарт бір жылға жасалды. Ол 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін жарамды.

Якоб Лилья 1993 жылдың 23 шілдесінде Швецияның Лимхамн қаласында дүниеге келген. Хоккейдегі алғашқы қадамын өз елінің «Лимхамн» клубында бастаған.

Сондай-ақ, сол елдегі «Юргорден» клубының намысын қорғады.

Былтыр Ұлттық хоккей лигасындағы «Коламбус» клубында тұсаукесер маусымын өткізді. 2018/19 жылғы кезеңде Швеция құрамасы сапында Евротурдың кезеңдік ойындарына қатысты.

Сондай-ақ, «Барыс» тамызда өтетін Президент кубогы турниріне қатысады.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық

Қайрат Нұртастың концертіндегі қарбаласта бір қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Қайрат

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.