USD
USD
USD

«Барысқа» жаңа бас бапкер келді 

Елордалық «Барыс» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Бұл қызметке беларусьтік маман Андрей Скабелка келді.

«Барысқа» жаңа бас бапкер келді 
Фото: NEGE.kz


Нұр-Сұлтан, NEGE. Беларусь маманымен келісімшарт екі жылға жасалған. Ол 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін бас бапкер қызметін атқара алады. Андрей Скабелка 1971 жылы 20 қаңтарда дүниеге келген. Ол кәсіби хоккейші ретінде 1988-2007 жылдарда Беларусь, Ресей клубтарында ойын көрсеткен. 2007 жылдан бері бапкерлікке бет бұрып, Ресей, Беларусь клубтарының тізгінін ұстады. 2018-2020 жылдарда «Барыс» және Қазақстан ұлттық құрамасы тізгінін ұстады. Оның жетекшілігімен елордалық клуб екі жыл қатарынан Чернышев дивизионында көш басында болса, Гагарин кубогы шығыс конференциясында жартылай финалға дейін жетті. 
Бұған дейін 2020-2021 жылдарда Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) клубына жетекшілік жасады. Айта кетсек, 2020-2022 жылдарда «Барыс» командасына қазақстандық маман Юрий Михайлис бас бапкер болды.

Қазір оқып жатыр

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады