USD
USD
USD

Барыс жылы: Президент 239 сағат ұшақта болған...

Мемлекет басшының баспасөз қызметі 2022 жылы президенттің қанша елге сапар шеккенін, қай елдің басшыларымен кездескенін және қанша заңға қол қойғанын жариялады.

Барыс жылы: Президент 239 сағат ұшақта болған...
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. 2022 жылы Қ.Тоқаев 14 елге 25 мәрте сапарлаған. Бірнеше мемлекеттің басшыларымен кездесіп, келіссөздер жүргізген. Олардың арасында Ресей президенті Владимир ПУТИН, ҚХР төрағасы Си ЦЗИНПИН, Рим папасы ФРАНЦИСК, Түркия президенті Ережеп Тайып ЕРДОҒАН, Франция президенті Эммануэль МАКРОН, Өзбекстан президенті Шавкат МИРЗИЕЕВ және басқа да лидерлер бар.

Сондай-ақ президент биыл 68 заңға, 422 жарлыққа, 137 өкімге, 4508 қызметтік хат-хабарға, 594 жеке және заңды тұлғалардың жолданымына қатысты тиісті шешімдерге қол қойған.

Бұдан бөлек, түрлі себептерге байланысты президенттің атынан 60 жеделхат жолданған, 30 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдаған. Түрлі деңгейдегі тұлғалармен 59 рет телефон арқылы сөйлескен, 7 рет үндеу мен мәлімдеме жасап, 1 рет жария түрде конституциялық заңдарға қол қойды.

Ақорданың хабарлауынша, президент 2022 жылы 59 мәрте жиналыс пен кеңес өткізген. 31 халықаралық деңгейдегі шараға қатысты және 298 қабылдау мен кездесу өткізді.

Президент Қ.Тоқаев 147 390 шақырым қашықтыққа ұшып, 238 сағат 55 минут ұшақта болған. Еліміздің әр өңіріне 16 рет жұмыс сапарымен барған. Оның ішінде Алматыға 5 мәрте келіпті.

Барыс жылы еліміз үшін және Мемлекет басшысы үшін оңай жыл болған жоқ. Қым-қуыт оқиғаларға толы жыл болды. Президенттің айтуынша, алдағы жыл да жеңіл болмайтын түрі бар...

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қуанышбек Серікжанов