USD
USD
USD

«Барыс» ҚР Президенті кубогының иегері атанды

Елордалық «Барыс» шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогының иегері атанды.

«Барыс» ҚР Президенті кубогының иегері атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Барыс» финалда Қарағандының «Сарыарқа» командасымен кездесті. Алғашқы он минутта елордалық клуб қарсыластар қақпасына үш шайба соғып үлгерді. Оны Кертис Волк 4, Егор Шалапов 6, Мэттью Фрэттин 9-минутта өзінің еншісіне жазды.

Одан кейін «Сарыарқа» сапынан Степан Грымзин 10, 23, Сергей Голоднюк 18-минуттарда мергендік танытып, таразы басын теңестірді. Ал «Барыс» хоккейшілері Якоб Лилья 33, Даррен Диц 39, Егор Петухов 49, Роман Старченко 59-минуттарда қақпаны дәл көздеді.

Осылайша елордалық клуб қарсыласын 7:3 есебімен жеңіп, кубокқа ие болды. Екінші орын «Сарыарқаға» бұйырса, үздік үштікті Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасы түйіндеді. Ал өскемендік «Торпедо» төртінші орынды місе тұтты.

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот