USD
USD
USD

«Барыс» қытайлық команданы жеңді

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін елордада Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдады.

«Барыс» қытайлық команданы жеңді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екі команда бұған дейін 12 мәрте кездесті. Оның 8-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында қытайлық клуб жеңіске жетті.

Елордалық клуб соңғы төрт кездесуінде жеңіліске ұшыраса, қытайлық команда кейінгі бес кездесудің төртеуінде қарсыластарынан басым түсті.

Бүгінгі ойында «Барыс» командасы үшін жеңіске ауадай қажет болатын. Кездесуде тізгінді айдын иелері қолға алуға тырысты. Ойынның 9-минутта елордалық хоккейші Якрб Лиль есеп ашты. Ал 13-минутта Мэтт Фрэттин есепті үстемелей түсті.

Кездесуде «Барыс» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Осылайша елордалық клуб төрт ойыннан кейін жеңіліс сериясын тоқтатты.

Екінші кезеңде қытайлық клуб бір шайба соғып, есеп айырмасын қысқартты. Оны 23-минутта Иван Никопищин өзінің еншісіне жазды.

Енді «Барыс» 3 қарашада елордада Латвияның «Динамо» (Рига) крмандасын қабылдайды.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы