USD
USD
USD

«Барыс» Беларусьтың «Динамосымен» кездеседі

  «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасымен өткізеді.

«Барыс» Беларусьтың «Динамосымен» кездеседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу елорда уақытымен 22:10-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бүгінге дейін 25 мәрте шеберлік байқасты. Оның 12-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында беларусьтік клубтың мерейі үстем болды. Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті. Дегенмен кейінгі екі ойында аталған қарсыласына есе жіберіп қойды. «Барыс» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің төртеуінде жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарынан жеңілді. Ал «Динамо» алты ойынның бесеуінде мерейі үстем болды. Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасынан буллитте басым түсті. Ал «Динамо» Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) клубын сүріндірді.

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті

.

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі