USD
USD
USD

«Барыс» басым түсті

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Нефтехимик» командасына қарсы өткізді. 

«Барыс» басым түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екі команда бүгінге дейін 28 мәрте шеберлік байқасты. Оның 16-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті. Кездесу барысында командалар бастапқы уақыттан шабуылға көбірек көңіл бөлді. Десе де кейбір сәттерде өз мүмкіндігін пайдалана алған жоқ.

Бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Екінші кезеңде «Нефтехимик» сапынан Сергей Купцов 30, Павел Порядин 33-минуттарда мергендік танытты. Оған 39-минутта қазақстандық клубтан Роман Старченко бір голмен жауап қайырды.

Үшінші кезеңде «Барыс» сапынан Кирилл Савицкий 47-минутта таразы басын теңестірсе, Кёртис Валк 52-минутта елордалық команданы алға шығарды.

Ал 59-минутта елордалық клубтан Томаш Юрчо қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Барыс» қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті. Енді «Барыс» 6 желтоқсанда Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасымен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар