«Барыс» Ресейде «Ак Барс» командасымен кездеседі
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 5 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.
Алматы, NEGE. Ойын елорда уақытымен 19:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 55 мәрте кездескен. Оның 11-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі тоғыз кездесудің сегізінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. Қазір турнир кестесінде «Барыс» 23 ұпаймен 22-орында тұрса, «Ак Барс» 54 ұпаймен 8-орында келеді.
Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі үш ойынын елордада өткізеді. Алдымен 19 қаңтарда Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 23 қаңтарда «Адмирал» (Владивосток), 26 қаңтарда «Ак Барс» (Қазан) клубтарымен ойнайды.
Қазір оқып жатыр
Қазақстан КҚК арқылы мұнай тасымалдайтын кемелерге жасалған шабуылды айыптады
Алматыда Altyn City тұрғындары 40 градус аптапта жарықсыз қалып, жолды жапты
«Қайратпен» келіссөздер жүріп жатыр: Канье Уэстің концертіне билет сату кейінге шегерілді
Саканың хет-тригі Англияға әлем чемпионатының қола жүлдесін әкелді