USD
USD
USD

«Барыс» қатарынан он бір мәрте жеңіліп қалды

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 19 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізді, деп жазды kazinform.kz.

Б
Фото: hcbarys.kz

Алматы, NEGE.Қатарынан он мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан елордалық клуб турнир кестесінде соңғы орынды місе тұтып тұр. Ал ресейлік клуб биыл сәтті ойын көрсетіп, көш басында келеді.

Сондықтан қазақстандық ұжым үшін бүгінгі ойын оңайға соқпайтыны белгілі еді. Соған қарамастан бірінші кезеңде екі команда бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Екінші кезеңде алғашқы минуттан реесйлік команда белсенділікті арттырды. Нәтижесінде олардың қатарынан Александр Радулов 20-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Одан кейін Байрон Фрейз 25-минутта мергендік танытса, 38-минутта Александр Радулов тағы бір мәрте көзге түсті.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберіп, қатарынан он бірінші ойында жеңілістің ащы дәмін татты.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 23 қаңтарда Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасымен кездессе, 26 қаңтарда «Ак Барс» (Қазан) клубымен ойнайды.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Шахтинскідегі өрт

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

ТЖ

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Трамп

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді

Тоқаев, Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики