USD
USD
USD

«Барыс» бүгін елордада «Сибирь» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 23 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хоккей
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ойын елорда уақытымен 16:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 59 мәрте кездескен. Оның 27-сi елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 26 ұпаймен 23-орында тұрса, «Cибирь» 49 ұпаймен 16-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 31 қаңтарда Ресейде «Авангард» (Омбы) клубымен кездессе, одан кейін 2 ақпанда «Амур» (Хабаровск), 4 ақпанда «Адмирал» (Владивосток) командаларымен шеберлік байқасады.

Қазір оқып жатыр

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші