USD
USD
USD

«Барымташылар» фильмі Францияда прокатқа шығады

Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген «Барымташылар. Уақыт жолы» фильмі Францияда 16 желтоқсанда прокатқа шығады.

«Барымташылар» фильмі Францияда прокатқа шығады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше, кинокартина Бусан, Токио, Гётеборг, Шанхай және Хельсинки кинофестивальдеріне қатысып үлгерді және жақын арада Cottobus неміс кинофестивалі мен Торонтодағы Азия киносының ХКФ конкурсында көрсетілетін болады.

Басты рөлдерде Канн кинофестивалі жүлдесінің иегері Самал Еслямова, танымал жапон актері Мирай Морияма, қазақстандық театр және кино актері Дулыға Ақмолда және жас актер Мәди Менайдаров ойнады.

Естеріңізге сала кетсек, «Барымташылар. Уақыт жолы» фильмінің өндірісіне Қазақстан тарапынан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, жапон тарапынан – «Tokyo New Cinema» компаниясы атсалысқан.

«Барымташылар. Уақыт жолы» фильмі жылқы бағумен айналысатын қарапайым отбасы туралы баяндайды. Бір күні жылқы үшін адам өлтіруден тайынбайтын барымташылар отағасын өлтіреді. 12 жасар Олжас барымташылардың қолынан мерт болған әкесінің өліміне қайғырып, зұлымдықпен күресіп, отбасына түскен ауыртпалықты қарындастарымен бірге көтереді. Қорғансыз қалған Олжастың отбасына ғайыптан пайда болған бөгде біреу қолұшын созады.

«Фильмнің сценарийі Қазақстанда болған шынайы оқиғаға негізделген. Жақындарынан айырылудың қандай қиын екенін осы оқиға арқылы кинематографиялық тілмен жеткізгім келді», – дейді режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.