USD
USD
USD

Барымташылар 7 жылға сотталды

Сарыағаш ауданында мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан топ мүшелері сотталды. 

Барымташылар 7 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аудандық полиция бөліміне бірнеше тұрғын арызданып, жайылымда жүрген 24 бас жылқы мен 15 сиырды белгісіз біреулер ұрлап кеткенін жеткізген.

Жәбірленушілерге келген шығынның көлемі 25 000 000 теңгені құраған.

Жедел-тергеу тобы ақпарат алысымен оқиға орнына аттанып, жедел шараларды жүргізді.

Нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар күдіктілердің жеке басы анықталып, күдікті ретінде танылған 5 жергілікті тұрғын полиция бөліміне жеткізілді.

Полицейлер істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.

Нәтижесінде сот шешімімен күдікті деп танылған 5 азаматтың екеуі 7 жыл мерзімге сотталса, қалған 3 күдіктінің бас бостандығы 7 жылға шектелді.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран