USD
USD
USD

«Олардың араласқаны рас» – Жанқош Тұраровтың адвокаты журналистердің сауалына жауап берді

Әлеуметтік желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров 28 жастағы Әнару Құрманәліні зорлады деген ақпарат тараған болатын. Оқиғаға қатысты жәбірленуші тарап Әнару Құрманәлі арнайы сұхбат беріп, мән-жайды түсіндірген еді. Артынша Жанқош Тұраров журналистерді жинап, өз шындығын айтатынын мәлімдеді.

Жанқош Тұраров, Әнару Құрманәлі
Фото: коллаж

Алматы, NEGE. Бүгін Алматы қаласында дауға қатысты журналистердің қатысуымен жиын өтті. Жиынға Жанқош Тұраровтың өзі қатыспады. Адвокаты Самат Мамутов оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

Мамутов Самат Маратұлы
Фото: NEGE

«Өздеріңіз білесіздер, Жанқош Тұраров – кәсіби бокста жеңілмеген боксшы. Қазір ол күнделікті жаттығып, жақында болатын жекпе-жекке дайындалып жатыр. Осы күнге дейін біз интернет желісінде сотқа дейінгі тергеуге кедергі болмасын деп пікір білдірмеген едік. Бірақ арызданушы Әнару Құрманәлінің БАҚ-қа сұхбат беріп, Жанқош Тұраровтың ар-намысына нұқсан келтіру әрекеттерінен кейін қысқаша түсініктеме берейік деп шештік.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатқанын бәріміз білеміз. Жанқош Тұраров зорлық болғаны туралы ақпаратты растамайды. Арызданушының арызы бойынша, сот-дәрігерлік және басқа да сараптамалар өткізу қажет. Ал сараптаманы өткізу үшін және басқа да ақпаратты тексеру үшін қылмыстық іс міндетті түрде бірыңғай тізімге тіркелуі тиіс. Айыптаушы көрнеу-жалған ақпарат таратса, қылмыстық кодекстің 419-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Мүмкін ол танымал болу, ақша бопсалау, Жанқош Тұраровтың абыройын түсіру немесе бөгде адамдардың тапсырмасы бойынша арызданып отырған болуы мүмкін», – деді адвокат Самат Маратұлы.

Боксшының адвокаты Әнару мен Жанқоштың бір-бірімен араласқанын жоққа шығармады. 

«Олардың интернет желісінде араласқаны рас, оны жоққа шығармаймыз. Бірақ ары қарайғы оқиға іске байланысты жария етілмейді. Уақыты келгенде бәрі белгілі болады. Олардың арасында хат алмасу бар-жоғын мен көрген жоқпын. Араларында қандай хат алмасу болғанын сұрамадым. Арызды алып тастау туралы Жанқош Тұраровтың тарапынан ұсыныс болған жоқ», – деді адвокат.

Самат Маратұлының айтуынша, Жанқош Тұраровтың арызданушыға ақша ұсынғаны жалған. Сонымен қатар Әнару Құрманәлінің өткеніне байланысты әлеуметтік желіде тарап жатқан жағымсыз видеоларға Жанқош Тұраровтың қатысы жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек